Шаһар басшысы салтанатты жиын барысында қатысушыларды мерекемен құттықтады.
–Баршаңызды ұлық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын. Әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қастерлі ұғым жоқ. Бірлігіміздің арқасында тәуелсіздік жылдары іргелі мемлекет болып қалыптасып, өзгелермен теңесіп, даму жолында жаңа қадамдарға бастадық. 30 жыл ішінде мемлекетіміз нығайып, шекарасын бекітіп, әлеуметтік-экономикалық дамып, әлемдік аренадан өзіндік орын алды. Жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім орнаған елімізде табыс пен тұрмыс сапасы артып, жаһандық бәсекеге қабілеттілік артты. Мүмкіндіктер кезеңінде Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуі негіз болды.Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық пен береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Өркениет көшіне ілескен халқымыз гүлденіп, көркейе берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болсын! – деді қала әкімі.
Жиын соңында Абат Абайұлы марапат иелеріне еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріне табыс,барлық бастамаларына сәттілік тілеп, алғыс білдірді.