Алдымен Вениамен Скаленконың отбасына барған шаһар басшысы тоқсан жеті жастағы соғыс ардагеріне сый-құрмет көрсетті. Мұнан соң Иван Гапич, Алевтина Митрохина, Халам Сүйіншалиев секілді ардагерлерді құттықтап, кейінгі ұрпағына бейбіт күнді сыйлаған қарияларға ұзақ ғұмыр тіледі. Қала әкімі ардагерлерге ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін, облыс әкімінің құттықтау хатын және сый-құрметті табыс етті.