Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Абай алаңында мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Абай алаңында мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Алаңға жиналған қала тұрғындары мен қонақтары Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртістері дайындаған мерекелік концертті тамашалады. Көркемөнерпаздар концерті “Атамекен” әнімен түйінделіп, соңы мерекелік отшашуға ұласты.