Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Атамекен» өнер ордасында «Тәуелсіздік – ел рухы» атты мерекелік іс-шара өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Атамекен» өнер ордасында «Тәуелсіздік – ел рухы» атты мерекелік іс-шара өтті.
Білім саласында қажырлы еңбек еткен ардагер-ұстаздар, саланың үздіктері марапатталып, Орал қаласы білім ұйымдары өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Мерекелік шараға Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков және педагогика саласының ардагерлері, ұстаздар, сонымен қатар 1991 жылы дүниеге келген жастар қатысты.
Қала басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, келер ұрпаққа егемен елімізді, кең байтақ даламызды, халықтың тату-тәтті тірлігін әр қарай аманат ету, даму қарқынын бағыттап берудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдарында білім саласында жеткен табыстар мен бәсекеге қабілетті болудағы білім сапасының өзектілігіне тоқталды.
Салтанатты шарада Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан бір топ сала өкілдері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Ардагер-педагогтар мен үздік сала қызметкерлеріне БҚО әкімінің алғыс хаты мен Орал қаласы әкімінің Құрмет грамотасы және алғыс хаты, Білім басқармасының алғыс хаты, Қазақстандық салалық және облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі және Қазақстандық салалық және облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Алғыс хаты табыс етілді.
Мерекелік марапаттар легі арнаулы аталымдармен жалғасты. Тәуелсіздік жылдарындағы білім саласының өркендеуіне үлес қосқан білім саласының үздіктері «30 жыл үздіксіз басшы», «Тәуелсіздікте танылған тұлға», «30 жылдық белес», «Тәуелсіздік қыраны», «30 жылда 30 жеңіс», «Тәуелсіздіктің алтын бапкері» арнайы аталымдарымен марапатталды.
Іс-шарада «Аманат», «Балалық шағымның аспаны», «Тәуелсіздік жетістіктері» бөлімдері бойынша мерекелік бағдарлама ұсынылды. Орал қаласы мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының өнерпаздары өнер көрсетіп, мектептердегі жас жол сақшылары, пәндік олимпиада жеңімпаздары, спортшылар мен суретшілер де сахнадан табылды.