ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Жастар мәдениет үйі» жанынан құрылған «Ғасыр жастары» қоғамдық театры Серік Асылбековтың «Желтоқсан түні» атты қойылымын көрермен назарына ұсынды.

Қойылымда желтоқсанның ызғарлы түндерінде қаймана қазақ жастарының бостандықты аңсаған жас жүректерінің дүрсілі, ішкі жан айқайлары сахналанды.
Ұлт тарихының іргелі бір бөлігі - Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісінің оқиғасын сипаттаған қойылымның режиссері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты -Жасқайрат Валиуллиев.
Көркемдік жетекшісі -Бұлбұл Сапарғалиева
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында құрылған жас театрдың жылды қортындылау кешін тамашалауға арнайы келген шаһар басшысы Абат Шыныбеков театр өнерпаздарына ризашылығын білдірді.
Іс-шарада 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына белсенді қатысқан оралдықтарға қала әкімінің алғыс хаты табыс етілді.
Қойылым соңында қала әкімінің өнер ұжымына ықылас гүлі табысталды.