Бүгін «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығының маңыздылығы талқыланды.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығының маңыздылығы талқыланды.
Саяси кеңесті жүргізген «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының төрағасы, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков ел болашағының дамуына бағдар болатын қағидаттар жиынтығының мән-маңызына тоқталып, әр фракция мүшелерін қағидаттар жиынтығын салалық бастауыш партиясы ұйымдары арасында кеңінен насихаттауға шақырды.
Кеңес отырысы барысында фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Светлана Бахишева, Саяси бюро мүшесі, аналар кеңесінің жетекшісі Шалқыма Құрманалина, белсенді партия мүшесі Элгун Ахмед оглу Джаналиев сөз алып, «Елдіктің жеті тұғыры» тұжырымдамасына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Саяси кеңес отырысы барысында «Nur Otan» партиясының Орал қаласы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары – Жол картасын орындалуы жөнінде қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова, Орал қаласы Қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Нұрбаев айтып өтті.