Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Мәдени-ағарту бірлестігі» жанынан құрылған «Алтын Орда» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театры жыл соңын «Тозақ шеңбері» драмасымен аяқтады. Балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театрының кезекті шығармасы “Желтоқсан” оқиғасына арналды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қойылған спектакльдің тұсаукесеріне қала әкімі Абат Шыныбеков қатысты. Шаһар басшысы театр ашылған сәттен бері ұсынылған қойылымдар қатарының «Тозақ шеңбері» драмасымен толыққанына қуанышты екенін жеткізіп, театр ұжымына
жыл бойы атқарған еңбектері үшін ризашылығын білдірді.
Желтоқсан оқиғасына арналған шығарманың авторы жазушы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты - Сәбит Досанов.
Қоюшы-режиссері - ҚР Президентінің «Құрмет грамотасы» және ҚР салалық мәдениет, спорт қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері, актёр,режиссер- Самал Әбуов.
Қоюшы-суретші: «Алтын Орда» театрының көркемдік жетекшісі, «Қазақстан таланттары» дамыту шығармашылық орталығының «Мәдениет майталманы» төсбелгісі және «Атадан –мұра» қоғамдық қорының «Үздік жетекші» төсбелгісінің иегері— ӘсемТөлепберген.
Қойылым соңы «Алтын Орда» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театрының жылдық жұмысының нәтижесін қорытындылау іс-шарасымен жалғасын тапты.