Жастар қозғалысының дамуына белсене араласып, мәдениет, бизнес, медицина, қоғам, спорт, білім саласындағы қызметi үшiн облысымыздың белсенді жастарының үлестері мен жетістіктері еленіп, еңбектері бағаланды.
Үздіктер 10 негізгі, 2 арнайы аталым бойынша марапатталды.
Жастар сыйлығының бұл жылғы “Үздік волонтер” аталымын “Орал жастары” волонтерлік қозғалысының көшбасшысы Ақниет Рашидова, “Үздік жас өнерпаз” аталымын Орал қалалық жастармен жұмыс жұмыс жөніндегі ресурстық ооталығының бөлім басшысы Дәурен Шамұратов жеңіп алды. Ал осы жылдың “Үздік жоба” аталымына ҚазИИТУ ғылым-білім кешені мен Орал қалалық жастар ресурстық орталығының арнайы жобасы «Bilimdiler Dodasy» зияткерлік жобасы лайық деп танылған.