Қала әкімі Абат Шыныбеков апта сайын тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды

Қала әкімі Абат Шыныбеков апта сайын тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды
Мұндай үрдіс өзара қарым-қатынасты нығайтуға әрі тұрғындардың сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді.
Бүгін шаһар басшысы кезекті қабылдауды қала әкімдігіндегі «Ақжайық — адалдық алаңы» бөлмесінде өткізді. Қабылдауға 7 азамат келіп, жеке мәселелерін жеткізді. Негізгі сұрақтар тұрғын үй мен жер кезегіне қатысты болды.
Абат Шыныбеков өз кезегінде түйткілдер ретімен шешімін табатынын, азаматтарға заң шеңберінде көмек көрсетілетінін айтты.Қала әкімі тұрғындардың мәселелері бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Қабылдауға келген барлық тұрғындардың сұрақтары назарға алынатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, қала әкімінің қабылдауына 51-28-86 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады.