1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай қала әкімдігінде көпбалалы аналар Алтын алқа және Күміс алқа төсбелгілерімен марапатталды.

Бұл жолы Орал қаласы бойынша екі ана алтын алқа, жиырма ана күміс алқа алды.
Көпбалалы аналарды наградаларымен құттықтаған Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков олардың ел демографиясын көтеруге, ұлттық құндылықтарымыздың жоғалмауына қосып жатқан зор үлестерін атап өтіп, мерекемен құттықтап, наградаларын табыстады.
Жиын барысында көпбалалы ана Айсұлу Қазекешова уақыт бөліп құттықтаған шаһар басшысына алғысын білдірді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Оралда жыл басынан бері 12 ана «Алтын» және 68 ана «Күміс алқамен» марапатталған.