Қылқалам шебері сурет өнерінің қыр-сырын айта жүріп, әр туындысын көрерменге таныстырды. Көрме бояуы қанық, айтар ойы анық ерекше картиналармен толықтырылған. Суретші шығармашылығы көрермен қауымның көңілінен шығып, ерекше ықыласына ие болды. Шара барысында Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Сағынғалиұлы құттықтау сөз сөйлеп, аталмыш көрмені ұсынған Жеңісбек Өтешовке қала әкімі Абат Шыныбековтың атынан алғыс хат табыс етті.