«Өрт — тілсіз жау. Қала әкімдігімен бірлесіп тұрғындарға өртке қарсы ережелерді еске салу мақсатында осы туындыны жүзеге асырдық. Мурал қаланың орталығында орналасқан көпқабатты тұрғын үйге салынды. Өрт сөндірушілердің бейнелері менмұндалап, Абай даңғылына шыққан әр адамның көзіне бірден түседі», — дейді төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері Шыңғыс Бекетов.