Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай Деркөл кентіне қарасты Ветелки ауылында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.

Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай Деркөл кентіне қарасты Ветелки ауылында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.
Ұлттық спорт және ойын түрлерін дамыту, оның мәнін, ұлттық маңыздылығын ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, қалалық мәслихат хатшысы Есентай Қалиев қатысып, жарысқа қатысушыларға алғыстарын білдірді.
Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Деркөл кенті әкім аппаратының ұйымдастыруымен өткен шарада ат жарысы, құнан жарысы, қыз қуу, асау үйрету, аударыспақ сынды ұлттық ойындар ойнатылып, жарыста өзара үздіктер анықталып, қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.