- Салауатты өмір салтын ұстану мен бұқаралық спортты дамытуда баршамыз атсалысуға тиіспіз. Әр салада да спорттың маңызы зор. Осы мақсатта ел Тәуелсіздінің мерекесі қарсаңында спартакиаданы бастап отырмыз. Үш аптаға созылатын жарыста қатысушыларға тек сәттілік серік болсын, - деді Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Сағынғалиұлы.
Спартакиада волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, футбол, үстел теннисі, дойбы, дартс сияқты спорттың он түрінен өтеді.
Жарысқа жиналған сала мамандары 12 командаға бөлініп, бақтарын сынайды.
Жеңімпаздар Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өткізілетін гала-концертте марапатталатын болады.