Орал қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай каратэ шито-рюден балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды.

Орал қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай каратэ шито-рюден балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды.
Ел чемпионатының ашылу салтанатына облыс әкімі Ғали Есқалиев, каратэ WKF-тен Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы Асқар Молдағали, Батыс Қазақстан облысының прокуроры Жандос Өмірәлиев,БҚО жауынгерлік өнер қауымдастығының құрметті басшысы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаментінің бастығы Еркін Хабиев, БҚО каратэ WKF федерациясының президенті, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қатысты.
Ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Ғали Есқалиев еліміздің ең басты оқиғасы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында өтіп жатқан ел чемпионатының қатысушыларына қош келдің айтып, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестігін білдірді.
Оралда өтіп жатқан ел чемпионатында еліміздің 14 облысынан келген 500-ге жуық спортшы бақ сынауда.