Оралда Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты әскери бөліміне шақырылушыларды Қарулы Күштер қатарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Аталмыш әскери бөліміне қаладан 30 сарбаз алынған.
Шарада БҚО Қорғаныс Істері жөніндегі департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылбек Дүйсенбиев, ауған соғысының ардагерлері мен ата-аналар құттықтау сөз сөйлеп, жас сарбаздарға Отан алдындағы абыройлы міндетті адал атқаруды тіледі.