Бүгін Орал қаласы әкімдігінде ұлттық халық санағын өткізуге белсене қатысқан қала азаматтарын марапаттау рәсімі өтті.

Бүгін Орал қаласы әкімдігінде ұлттық халық санағын өткізуге белсене қатысқан қала азаматтарын марапаттау рәсімі өтті.
Он жылда бір рет өткізілетін «Ұлттық халық санағы» егемендік алғалы осымен үшінші мәрте ұйымдастырылды. Бұл кезеңдер мемлекеттің даму бағыты айқындалып, халықтың демографиялық және әлеуметтік жағдайы түгенделіп, оң шешім шығаруда зор септігін тигізді.
Марапаттау рәсімінде Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков мемлекетіміздің алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды науқанды өткізуге атсалысқан қала азаматтарына ризашылығын білдірді.