Комиссия отырысына «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің БҚО бойынша басшысы Әлия Салиева қатысып, өңіріміздегі мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы туралы ақпараттандырып, алдағы уақытта бірлескен жобаларды іске асыру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, бекітілген күн тәртібіне сәйкес жиында қаладағы кент және селолық округтерінің әкімдері мен бөлім басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарының есебі тыңдалды.
Жиын соңында шаһар басшысы атқарылып жатқан әр істе ашықтық пен қолжетімділік қатар жүруін, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында әр кент пен бөлімдерде профилактикалық шаралар жүргізу қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, құжаттармен жұмыс істеуді жеңілдету, ең бастысы азаматтардың мәселелерін тез әрі жедел шешу жолдарын қамтамасыз ету, қызметтерді көрсету кезінде ашықтықты сақтау мақсатында қажетті бөлімдерді «Open Space» форматына көшіруді ұсынды.