Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде Оралда 19 мектеп, 26 мемлекеттік балабақша, 4 қосымша білім беру ұйымы ашылды. Қазіргі уақытта қаламызда 51 күндізгі мектеп, 1 кешкі мектеп, 50 мемлекеттік балабақша бар және 84 жеке балабақша мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасауда.

Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде Оралда 19 мектеп, 26 мемлекеттік балабақша, 4 қосымша білім беру ұйымы ашылды. Қазіргі уақытта қаламызда 51 күндізгі мектеп, 1 кешкі мектеп,  50  мемлекеттік балабақша бар және 84 жеке балабақша мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасауда.

1986 жылы қазақ рухының қыраны Жұбан Молдағалиев қазақ мектептерінің аздығын айтқан болатын. Шынында сол жылдары қаламызда қазақ мектептерінің саны не бары 3 пайызды құрады. Ал бүгінгі күні Оралда қазақ тілінде білім беретін мектептер саны 77 пайызды құрайды. Яғни, қаладағы 51 мектептің 25-і – қазақ тілінде, 6-уы – орыс тілінде оқытады, ал қалған 20-сы – аралас мектептер.

1991 жылы 31 мың оқушы болған болса, бүгінде қала мектептерінде 59 319 (0-11 сынып) оқушы білім алуда. 16 мыңдай бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.

Цифрландыру бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды және халықтың тұрмыс сапасын жаңа деңгейге көтеруді мақсат тұтқан әлем мемлекеттері жаппай ұстанып отырған тренд. Осы ретте қабылданған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы білім беру саласындағы мәселелерді оңтайландыруға ықпал етті. Балғындарды балабақшаға қабылдау «ИНДИГО» порталы арқылы, оқушылардың мектепке қабылдануы және мектептен-мектепке ауысуы E-GOV.KZ порталы арқылы жүргізілуде. 2020-2021 оқу жылынан бастап қаланың 51 мектебінде оқушыларды ыстық тамақпен қамту мемлекеттік қызметі «САКУРА» электрондық порталы ақылы іске асырылуда. 11 мектепте «Е-AСХАНА» жүйесі енгізілді.

Оқушылардың дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттырудағы жұмыстар қарқын алды. Қазіргі уақытта Эстетикалық бағыттағы гимназия мен Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі цифрлық лабораториялармен қамтамасыз етілген. 13 мектеп Stem-лабораторияларын қолданып келеді. 29 білім ұясы робототехникамен жабдықталған.
Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық мектептерде бейнебақылау жүйесі, дабыл түймелері қойылып, ішкі істер органына байланыстырылуда. Сонымен қатар биылғы оқу жылынан бастап оқушылардың қауіпсіздігін қамтамсыз етуде мамандандырылған күзет қызметі іске кірісті.