
Сессия отырысына қала әкімі Абат Шыныбеков, қалалық мәслихат хатшысы Есентай Қалиев, депуттаттар және құрылымдық бөлім басшылары қатысты.
Жиында күн тәртібіне сәйкес үш негізгі мәселе қаралды. «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, «Орал қаласының кенттері, ауылдық округтері аумағындағы қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу бойынша Орал қалалық эконимика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің Альмира Төлегенова, Орал қаласының 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту жайында қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Айбек Исламбеков баяндама жасады.
Күн тәртібіне енгізілген мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, бекітілді.