Қалаішілік қоғамдық көліктерде кезекті рейд өткізілді

Қалаішілік қоғамдық көліктерде кезекті рейд өткізілді

Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары жолаушылардан бетперде киюді талап етіп, санитарлық ережелерді сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Мобильді топ мүшелері рейд барысында автобус жүргізушілері мен кондукторларына тұрғындардан бетперде киюін талап етуін ескертті.

Карантиндік талаптарды сақтамаған автобус жүргізушілері мен жолаушылардан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің №425 бабының 1-тармағына сай түсініктеме алынды.

Айта кетейік, қазіргі таңда өңір жасыл аймақта болғанымен, карантиндік талаптар өз күшін жойған жоқ. Мониторингтік топ мүшелері өз кезегінде тұрғындарды қайтадан инфекцияның таралуына жол бермес үшін сақтық шараларын сақтауға шақырды.