ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Орал қаласындағы қоғамдық көліктерде рейд өткізілуде. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары жолаушылардан бетперде киюді талап етіп, санитарлық ережелерді сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мобильді топ мүшелері автобус жүргізушілері мен кондукторларына тұрғындардан бетперде киюін талап етуін ескертті.

Айта кетейік, қазіргі таңда өңір жасыл аймақта болғанымен, карантиндік талаптар өз күшін жойған жоқ. Мониторингтік топ мүшелері өз кезегінде тұрғындарды қайтадан инфекцияның таралуына жол бермес үшін сақтық шараларын сақтауға шақырды.