ОРАЛДА САЯБАҚТАР МЕН АЛАҢДАР ДИРЕКЦИЯСЫ ҚҰРЫЛАДЫ

ОРАЛДА САЯБАҚТАР МЕН АЛАҢДАР  ДИРЕКЦИЯСЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Қазіргі таңда қаладағы мәдениет және демалыс саябағы негізінде «Саябақтар мен алаңдар дирекциясын» құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шаһарда жалпы саны 50-ге жуық тынымбақ пен алаң бар. «Саябақтар мен алаңдар дирекциясының» директоры Жасұлан Сәкеновтың мәліметінше, бүгінгі таңда олардың 25-нің құжаттары дайын.

- Дирекцияның басты мақсаты - қаламыздағы саябақ, тынымбақ пен алаңдарды бір орталыққа біріктіріп, басқару жағдайын жеделдету, қараусыз қалған тынымбақтарды қалпына келтіру және шаһардағы жасыл-желекті көбейту. Қазіргі таңда қалада 50-ге жуық тынымбақ пен алаң бар. Жалпы аумағы 79,5 гектарды құрайды. Дирекция құрылғаннан кейін жоба негізінде эколог және биолог мамандарды жұмысқа алу көзделуде, - дейді Жасұлан Нұрлыбекұлы.

Қазіргі таңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен жоба бойынша қаланың барлық саябақтар мер тынымбақтарын паспорттау жұмыстары жүргізілуде.