Қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде

Қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде

Өткен жылдан бастап қала бойынша 13000-нан астам жарық шамды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ 320 дана сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтары ауыстырылды.

Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің абаттандыру секторының маманы Абылай Нұрмақовтың берген мәліметінше, осы жылы жоспарға сәйкес қала аумағында жарық шамдары мүлдем жоқ 15 көшені жарықтандыру жұмыстары басталған.

Қазіргі таңда 7 көшенің жарықтандыру жұмыстары аяқталған. Қараша айының ішінде осы уақытқа дейін мүлдем жарықшамдар болмаған Чуйков, А.Карев, Н.Савичев, Ә.Кекілбаев,Ғ.Қараш ,Фрунзе көшесі, Неусыпов көшелеріне диодты жарықшамдар орнатылады. Жарықтандыру бойынша жұмыстады «Казтехникс» ЖШС атқарып жатыр. 30 қарашаға дейін көшені жарықтандыру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, қалалық жарықтандыруды басқару бойынша «АСУНО» жобасы іске қосылған болатын. Шаһар көшелеріндегі жарықдиодты шамдардың жай-күйі қала әкімдігінде орналасқан диспетчерлік пункттен бақыланады. Бұл жобаның іске қосылуы жарықтандыру жүйесінің сапасына, апат орындарын жедел түрде анықтап, сол орынға бригаданы жолдау арқылы ақауды дер кезінде қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Яғни, бұрынғыдай жарықшамдарды маршрут бойынша айналып, қарап шығудың қажеттілігі жоқ. Шамдардың жай-күйі тәулік бойы бақылауда болады.