
Сондай кешеннің бірі - "Ерке" балалар сауықтыру кешені.
Сауықтыру кешені заманауи үлгіде жасақталған. Мұнда бассейн, емдік дене шынықтыру және массаж, логопедиялық кабинеттері және хореография мен гимнастикаға арналған арнайы залдар бар. Орталықтың директоры, жеке кәсіпкер Ерлан Дүйсекенов кент аумағында жыл сайын халық санының артуына байланысты қажеттілік жоғары болатынын алға тартады. Сондықтан осындай жас жеткіншектерге арналған пайдалы орталықты ашуды ойға алған.
Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне шаһар басшысы Абат Шыныбеков қатысты. Абат Абайұлы орталыққа игі істің бастамасына айналар құтты орын болсын деген ақ тілегін жолдады.