
Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығы және “Қала күні” мерекесіне орай шаһарда түрлі әлеуметтік нысандар ашылып, қолданысқа беру дәстүрге айналды. Солардың бірі - бүгін қаламызда ашылған жаңа заманауи “Crystal”автокөлік жуу кешені.
Автокешен германдық автомобиль жүйелері мен теміржол көлігін әлемдік жетекші өндірушілердің бірі Отто Christ AG концернінің құралдарымен жабдықталған. “Магнум-2015” кәсіпорын желісінің жетекшісі Артемий Филипповтің айтуынша, бұл елімізде алғаш рет ашылып отырған автоматты көлік жуу орталығы.
Жаңа кешеннің салтанатты ашылуына қала әкімі Абат Шыныбеков қатысып, халыққа сапалы қызмет көрсету үшін ашылған нысанның жұмысына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ келушілерге жоғары деңгейде қызметтерді ұсыну үшін кері осмос әдісімен суды жылыту және тазарту жүйесін қамтитын су дайындау жүйесі орнатылған. Сонымен қатар алдағы уақытта ағынды суларды қайта тазарту жүйесі орнатылмақ.
Автокешеннің жалпы ауданы 4500 шаршы метрді құрайды. Мұнда автокөліктердің барлық түрлері мен арнайы техникаларға қызмет көрсете алады. Сонымен қатар өз-өзіне қызмет көрсетуге де жағдай жасалған. Кешенде жүргiзушiлерге арналған қосалқы бөлшектер дүкені мен дөңгелек жөндеу орталығы да бар.
Көлік жуу орталығын
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» БҚО филиалы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырған.