Гала концертке қала әкімі Абат Шыныбеков қатысып, тұрғындарды шаһар мерекесімен құттықтады.
- Құрметті жерлестер, сіздерді қаламыздың ең сүйікті мерекесі “Қала күні” мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Орал - қарапайым тұрғындарымыздың қажырлы еңбектерінің алаңы болған әсем қала. Біз жылма-жыл қаламыздың туған күнін ерекше ілтипатпен күтеміз, оған жақсы жетістіктермен келеміз. Біз өз қаламызды жақсы көріп, мақтан етуіміз қажет. Осы қаламыздың одан әрі дамып, көркейе бергенін қалаймыз. Ендеше, қаламыздың туған күніндегі жетістіктеріміз еселе берсін, - деді шаһар басшысы.
Дәстүрге сай биылда қала күні мерекесінде үздік мамандар марапатталды.
Мерекелік кеште Орал қаласына арналған әндер шырқалып, шаһар тарихынан сыр шертер композициялар көрермен назарына ұсынылды.
Кеш қала өнерпаздарының орындауындағы «Туған қалам - Орал» әнімен аяқталды.