Бүгін қала әкімі Абат Шыныбеков “Қала күні” мерекесіне орай туған жеріне арнайы келген кәсіпқой бокс шебері, орта салмақта IBF Intercontinental белдеуінің иегері Данияр Елеусіновті қабылдады.

Бүгін қала әкімі Абат Шыныбеков “Қала күні” мерекесіне орай туған жеріне арнайы келген кәсіпқой бокс шебері, орта салмақта IBF Intercontinental белдеуінің иегері Данияр Елеусіновті қабылдады.

Абат Абайұлы шаһар мерекесіне арнайы келген Данияр Маратұлына ризашылығын білдірді.

- Біз қашанда өз өңірімізден шыққан тұлғалармен мақтанамыз. Осы айшықты мереке аясында көптеген әлеуметтік нысандар ашылуда. Солардың бірі - облыстық мамандырылған резервті даярлау балалар-жасөспірімдер мектебінің ашылуы. Орталықтың ашылуына шақыртуымызды қабыл алып, жастарға қолдау білдіргеніңе ризамын. Өзіңе қарап жас спортшыларымыз үлгі алып, бойларына жақсы дүниелерді қалыптастырады. Деніңе саулық, отбасыңа амандық тілеймін. Жеңісті күндерің көп болсын! - деді қала әкімі.
Өз кезегінде спортшы алдағы жоспарларымен бөлісіп, өңіріміздің дене шынықтыру және спорт хақында әңгіме өрбітті.

Қабылдау соңында шаһар басшысы спортшыға құрмет көрсетіп, естелік сыйлық тарту етті.