Орал қаласында тұңғыш рет кинофестиваль өтіп жатыр

Орал қаласында тұңғыш рет кинофестиваль өтіп жатыр

Кинофестивальге Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Тәжікстан, Франция, Беларусь елдерінен үміткерлер қатысып, бақтарын сынауда. Ұйымдастырушы Алпамыс Шәрімовтің мәліметіншк, фестивальге 100-ден астам өтінім келіп түскен.

Фестиваль аясында режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың “Конокрады.Уақыт жолдары” фильмінің тұсаукескері Оралда өтпек. Тұсаукесерге басты рөлді сомдаған Канн кинофестивалінің жүлдегері,актриса Самал Еслямова қатысады. Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген фильмнің алғашқы тұсаукесері 2019 жылы “Пуссан” кинофестивалін ашқан болса, елімізде алғаш боп Оралда көрсетілетін болады.