Мәслихат сессиясында Орал қаласының Абат Шыныбеков шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Қала әкімі депутаттар мен сессияға шақырылғандарды тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, жол құрылысы, ауыз сумен қамту, қоғамдық көлік қызметі, еңбек нарығы, сапалы білім беру, қоғамдық кеңістіктердің абаттандырылуы, шаһардың санитарлық тазалығы және т.б. мәселелердің шешімі туралы хабардар етті.
Мұнан соң депутаттар сөз алып, қала әкімінің 8 айда атқарған жұмысына оң баға берді және әлі де жетілдіруді қажет ететін мәселелерге тоқталды.
Сессияда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңдылықты сақтау, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері, тұрақты жолаушылар тасымалына сараланған тариф белгілеу мәселелері туралы есептер тыңдалды.
Аталған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша қалалық мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.