Қала әкімдігінің үлкен залында шаһардағы сауда үйлері, базарлар, пәтер иелері кооперетивтері, коммуналдық мекеме басшыларына онлайн халық санақ жүргізу жұмыстарына байланысты ақпараттар таныстырылды.

Қала әкімдігінің үлкен залында шаһардағы сауда үйлері, базарлар, пәтер иелері кооперетивтері, коммуналдық мекеме басшыларына онлайн халық санақ жүргізу жұмыстарына байланысты ақпараттар таныстырылды.

Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 53615 тұрғын науқанға қатысып, онлайн санақтан өткен. Шаһарда жалпы халық саны 320 973 адам болса, онлайн санақтан әзірге тұрғындардың 16,7 пайызы өтіп отыр.

Жиналыста халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізу қажеттілігі айтылды.
Бүгінгі күнге дейін қала бойынша 2 мыңнан астам жадынама таратылып, қаланың басты көшелеріне 12 баннер ілінген.

Еске салайық, sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді. Осы мерзімге дейін онлайн санақтан өтуге болады. Сондай-ақ санақ бойынша сауал туған жағдайда 1446 байланыс орталығына немесе 8 (7112) 50-34-54, 8 (7112) 50-45-54 нөмірлеріне хабарласып,ақпарат алуға болады.