
Жиналысқа қала әкімі аппаратының басшысы,әдеп жөніндегі уәкіл Исатай Жазықбаев төрағалық етті. Кадр резервіне іріктеу бойынша түсіндіру жұмыстарын ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Венера Масимова жүргізіп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы қыркүйек айынан бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүргізіледі,оның қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктелетін болады.
Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап арнайы әзірленген pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі.
Айта кетейік, іріктеуге 35 жастан аспаған,жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар,сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды.