"Тату көршілер" акциясы аясындағы тартысты ойын

"Тату көршілер" акциясы аясындағы тартысты ойын

Бүгін Зачаган кентінің “Меловые горки” елді мекенінде жəне "Болашақ", "Балауса" шағын аудандары тұрғындары арасында "Қала күні" мерекесі қарсаңында "Тату көршілер" акциясы аясында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Спорттық шараға аталмыш елдімекен мен шағынаудан тұрғындарынан құралған командалар қатысып, жарыс өте тартысты өтті. Нəтижесінде жеңімпаз командалар мен үздік аталым иегерлері кубок, медаль жəне дипломдармен марапатталды.