Дәл осындай атаумен бүгін Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Қала күні-2021» мерекесіне орай «Мәдени-ағарту бірлестігінің»ұйымдастыруымен «Қарақат»мектеп-студиясы шәкірттері мерекелік концерт ұсынды.
Мерекелік шараға қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Серік Қайрлиев қатысып, қала әкімі Абат Шыныбековтың арнайы алғыс хатын «Қарақат» мектеп-студиясының ұжымына табыстады. Бүгінде орталық талай жеткіншекті білім нәрімен сусындатып, өнерлі өрендермен жүйелі жұмыс атқаруда. Айта кетейік, “Қарақат” мектеп-студиясы қазіргі таңда еліміздің 12 қаласында балалар мен жеткіншектерге қазақтың ән өнерін дәріптеуде үлес қосып отырған бірден-бір орталық.