
Көпбалалы аналарды наградаларымен құттықтаған қала әкімінің орынбасары Ерлан Галиев олардың ел демографиясын көтеруге, ұлттық құндылықтарымыздың жоғалмауына қосып жатқан зор үлестерін атап өтті.
Жиын барысында көпбалалы аналар уақыт бөліп құттықтаған қала әкімінің орынбасарына алғысын білдірді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Оралда жыл басынан бері 10 ана «Алтын» және 48 ана «Күміс алқамен» марапатталды.