Құрметті оралдықтар! Қадірлі ағайын! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті оралдықтар! Қадірлі ағайын!  Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция мерекесі – барлық қазақстандықтар үшін ең маңызды күндердің бірі. Ата Заңымыз арқылы азаматтар өз құқықтарын айқындап, өркениетті құқықтық мемлекет құрады. Сонымен қатар демократиялық өзгерістерді жүзеге асырады.
Конституциямыз осыдан 26 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда бекігеннен бері ол ортақ үйіміз – Қазақстанда тұрып жатырған барлық ұлттар мен ұлыс өкілдерінің басын біріктіріп, әрбір азаматтың көзқарасы, еркіндігі мен бостандығы, наным-сенімі, бейбіт өміріне кепілдік беріп келеді. Біздің барлық жетістіктеріміз Конституциямыздың талаптары мен ережелерін басшылыққа алудың нәтижесінде қол жеткізілді.
Баршаңызды Конституция күні мерекесімен тағы да құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен ырыс-береке тілеймін. Егемен еліміз бейбітшілік пен ұлтаралық келісім аясында өркендеп, гүлдене берсін!
Ізгі ниетпен, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков