Шаһар басшысы Абат Шыныбеков нөсер жауынның салдарынан шатырынан су аққан қала мектептерін аралап,жөндеу жұмыстарын пысықтады.

Шаһар басшысы Абат Шыныбеков нөсер жауынның салдарынан шатырынан су аққан қала мектептерін аралап,жөндеу жұмыстарын пысықтады.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың 3-9 маусым күндері аралығында нөсер жауын салдарынан қаладағы 14 білім мекемесінің (№3,6,9,10,13,14,17,22,23,24,27,28,30,32,34,37 ЖОББМ) шатырларынан су кетіп, төтенше жағдай орын алғанын болатын.
Жоғарыда аталған мектептердің жағдайын қалпына келтіру үшін сметаға сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуіне жергілікті атқарушы органнан қаражат бөлінген болатын. Қазіргі таңда білім ұяларының шатырларын жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Білім ордаларына барған қала әкімі жөндеу жұмыстарының барысын қадағалап, мердігер мекемелерге білім күніне дейін жұмыстарды аяқтауды тапсырды.

- Тамыз айының басында мектептің “Б” аймағының шатырын жөндеу жұмыстары басталды. Бұл аймақ 1200 шаршы метрді құрайды. Бүгінгі таңда жұмыстар толықтай аяқталуға жақын қалды. Жаңа оқу жылын 1300 оқушымен бастамақпыз, - деді А.С.Макаренко атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Асылбек Қалымбет.
Ал №3 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Любовь Юшина білім мекемесінің оқу жылына толық дайын екенін жеткізіп,жөндеу жұмыстарының жоғары деңгейде жүргізілгеніне ризашылығын білдірді.