- Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1995 жылы жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі халықтың маңызды таңдауы болды. 26 жыл бұрын даму мен өркендеудің даңғыл жолы анықталды. Негізгі Заңымыз - әлеуметтік-экономикалық дамудың өзегі, бірлік пен ынтымақтың бұлжымас бағдары, кемел келешектің кепілі болды.Мемлекет саясатының нәтижесінде Қазақстан Республикасының Конституциясының әлеуеті Отанымыздың жоғары экономикалық дамуы мен халқымыздың әл-ауқатының артуына толықтай бағытталып отыр. Әрқайсыңыз саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуы жолында, адамдардың алаңсыз еңбек етуі үшін орасан зор еңбек сіңіріп, көздеген меже биіктерінен көрінуге атсалысып келесіз. Ортақ үйіміз – тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамып, гүлдене түсуі жолындағы қажырлы еңбегіңіз өз жемісін әкеле берсін.Осынау қуанышты мереке күні сіздерге зор денсаулық, бақыт, береке, жақсылық пен қуаныш тілеймін! - деді Абат Абайұлы.
Іс-шарада қала әкімнің арнайы мерекелік алғыс хатымен қаламыздағы сот,прокуратура,полиция және мемлекеттік қызмет саласындағы бірқатар қызметкерлер марапатталды. Салтанатты шара көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.