Бүгін Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде өткен баспасөз мәлімдемесінде тұрғын үй сертификаттарын беру қағидалары түсіндірілді.

Бүгін Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде өткен баспасөз мәлімдемесінде тұрғын үй сертификаттарын беру қағидалары түсіндірілді.

Құны 1 миллион теңгеден аспайтын тұрғын үй сертификаты ҚР-ның Ұлттық Банкі бекіткен бағдарлама. Ипотекалық тұрғын үй қарызын алу бойынша  банктен   өтінші қанағаттандырылған«Көп балалы отбасылар»,  «Толық емес отбасылар»,   «Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар»  санатындағы және  мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін  денсаулық сақтау,               білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешен және құқық қорғау салаларында қызмет ететін  азаматтар қатыса алады.

 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Батыс Қазақстан облысының мәслихатының «Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін бекіту туралы» шешімі негізінде тұрғын үй сертификаттары 2021 жылдың 27 тамызынан бастап беріле бастайды. Қажетті құжаттарды «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,  жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің кеңсесіне тапсыру қажет, – дейді қалалық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің тұрғын үй және жекешелендіру секторының меңгерушісі Ерлан Шайхиев.

 

Биыл Орал қаласы бойынша тұрғын үй сертификатына 150 миллион теңге бөлінген. Тұрғындардан міндетті түрде екінші деңгейлі банктен төлем қабілеттілігін анықтайтын құжаттың болуы талап етіледі.

Айта кетейік, қазіргі таңда әртүрлі санат бойынша 21 140 адам тұрғын үй кезегіне тіркелген. Оның 6000-ға жуығына «Көп балалы отбасылар»,  «Толық емес отбасылар»,   «Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар»  санатындағы азаматтар кіреді.

 

            Еске сала кетейік, құжаттарды Орал қаласы, Қ.Аманжолов  көшесі,  69/1-үй, 3 кабинетте дүйсенбі - жұма күндері сағат  9.00. -18-30-ға(түскі үзіліс 13.00-14.30) дейін қабылдайтын болады.

 

Тұрғын  үй сертификаттарын алу  үшін қажетті  құжаттар тізбесі

 

1) Өтініш;
2) Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі);
3) Соңғы 6 (алты) ай ішіндегі еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына));
4) Осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтама;
5) Қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің (Екінші деңгейлі банктің)  хатын қоса бере отырып жүгінуі тиіс.