Орал қаласындағы білім ұялары 1 қыркүйектен бастап оқушыларды офлайн түрінде оқытуға дайындықтарын бастады.

Орал қаласындағы білім ұялары 1 қыркүйектен бастап оқушыларды офлайн түрінде оқытуға дайындықтарын бастады.

. Оқушылар үшін барлық санитарлық талаптар сақталып, оқу үрдісі ұйымдастырылатын болады. Білім ұяларына «Ашық» жобасы енгізілді.

2021-2022 оқу жылында қала мектептерінде 55 мыңдай оқушы білім алады деп күтілуде. Бірінші сыныпқа 6226 бүлдіршін қабылданып отыр.

Тамыз айының алғашқы күніне жаңа оқу жылында 1-сыныпқа қабылданатын балаларға арналған «Балақайлар мектебі» даярлық курстары ұйымдастырылса, 18 тамыздан бастап білім олқылықтарын жою мақсатында 2-11 сынып оқушыларына арналған жазғы мектеп өз жұмысын бастады.

Мектептерге трансферттік нысаналар көзделіп, кітапханалық қорларды жақсарту үшін жылма-жыл қаражат қаралып оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдар сатып алынды. 1 сыныптарға жаңартылған білім бойынша түгел оқулықтар ауысады, 2-11сыныптар үшін қосымша оқулықтармен толықтырылады. Мектепалды даярлық сыныптары мен 1 сыныптарға жұмыс дәптерлері тапсырыс берілді. Жыл сайынғы Үштілдік оқуға бағытталған сыныптар үшін оқулықтар толықтырылады. 7-8 сыныптар үшін информатика пәні бойынша оқулықтар сатып алынады. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханалары 151601 дана көркем әдеби кітаптармен толықтырылады.

«Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру» бағдарламасы бойынша 92 жаңа кабинетке жабдықтар сатып алынуда. Барлық меткептерде ағымдағы жөндеу жасалды. Д.Нұрпейісова атындағы саз мектебі жөндеуден өтті. «Энергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу бойынша жаңғырту» бағдарламасы аясында №15 «Ақбота» балабақшасы мен №13 орта мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Балалар қауіпсізідігін қамтамасыз етуде қала мектептеріне дабыл түймелері орнатылып, дабыл түймелерінің мектеп бейнекамералары арқылы Полиция қызметіне бейнесигнал беруге мүмкіндігі жасалады. Сондай-ақ білім ұйымдарын мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз ету көзделуде.

Үш ауысымдылықты жою мақсатында №18 мектеп үшін 300 орындық мектеп ғимараты салынуда. Апатты жағдайда деп танылған №33 мектептің орнына салынып жатқан құрылыс жұмыстары аяқталуға тәмам.