Облыс бойынша екпе алғандардың жалпы саны 117 834 жетті. Бұл облыс тұрғындарының 30%. Жеке аудандарда екпе жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Жәнібек аудан халқының 56,5%, Тасқала ауданының 52,2% екпе алған. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін, халықтың кем дегенде 60% екпе алу қажет.
Вакцинацияны алғашқылардың бірі болып медицина қызметкерлері (94% екпе алды), мұғалімдер (76%) мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлері (81%) екпе алды.