Апатты үйдің тұрғындары баспаналы болды

Апатты үйдің тұрғындары баспаналы болды

Бүгін астана күні қарсаңында Орал қаласындағы Ружейников көшесінен жаңа 9 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Нысан мемлекеттік—жекеменшік әріптестік аясында салынған.

Ғимараттың жалпы аумағы — 7756 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Болашақ—Т» ЖШС жүргізген. 90 пәтерлік тұрғын үйдің 37 пәтері сүрілген апатты үйлердің иелеріне берілді. Айта кету керек, сүрілген апатты пәтерлердің аумағы 1670 шаршы метр болатын. Оның орнына жаңа қоныс иелері жалпы аумағы 1970 шаршы метрді құрайтын пәтерлер алды.

Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне облыс әкімі Ғали Есқалиев пен қала әкімі Абат Шыныбеков қатысып, баспаналы болған тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады. Мұнан соң жаңа қоныс иелерінің шаңырақтарында болып, пәтер ішін аралап көрді.

Айта кетейік, Орал қаласында жоғарыда аталған бағдарламамен апатты үйлердің орнына тағы 5 үйдің құрылысы жүргізілуде.