
Алдымен Ерлан Ерсайынұлы «Жас ұрпақ» жасөспірімдердің әлеуметтік даму орталығының қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Бүгінгі күнге дейін аталмыш орталықтың «Пробация» кабинетінің» қызметіне 18, «Психологиялық көмек» кабинетінің қызметіне 8 жасөспірім жүгінген. Ал орталықтың «Сенім» телефоны қызметі бойынша күніне 2-3 қоңырау түседі екен. Жұмыс барысын «Жас ұрпақ» жасөспірімдердің әлеуметтік даму орталығының меңгерушісі Қуаныш Дәкешов түсіндіріп, орталықтың материалдық жабдықтануы және кадрлық құрамымен таныстырды.
Осыдан кейін күн тәртібіндегі өзекті деген бірнеше мәселе қаралды.Қала әкімінің орынбасары Ерлан Галиев төрағалық еткен комиссия отырысына қалалық қоғам келісім кеңесінің төрағасы,комиссия мүшесі Александар Мозжухин, қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің директоры Серік Тоқмамбатов, Орал қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Айтжан Даумова, «Арай» комьюнити орталығының меңгерушісі Лариса Григорьева,қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы Сәуле Қарасаева, қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы Азат Тыныштықалиевтер қатысты. Жиында орталық қызметіне жүгінген жасөспірімдердің қауіпсіздігі, оларды қоғамдық іс-шараларға тарту мәселелері қаралды. Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында комиссия төрағасы Ерлан Ерсайынұлы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, көпшілік іс-шараларда, қосымша орталықтарға баруы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.