Бүгін Орал қаласының Солтүстік-Шығыс шағынауданында «Сәби» балабақшасы ашылып, пайдалануға берілді.

Бүгін Орал қаласының Солтүстік-Шығыс шағынауданында  «Сәби» балабақшасы ашылып, пайдалануға берілді.

Қос қабатты заманауи үлгіде жабдықталған балабақшаның аумағы 950 шаршы шақырымды қамтиды. Жеке кәсіпкердің өз есебінен салынған бөбекжайда 200 балаға арналған 8 топ болады.

Жаңа балабақшаның ашылу салтанатына Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қатысып, жаңа ғимарат бүлдіршіндерімізді сапалы тәрбиелеп, ой өрістерінің өсуіне, білімді болып ер-жетуіне бастаған қадамдардың бірі болатынына сенім білдірді.

Ашылу салтанатынан кейін жиналғандар ғимаратты аралап көріп, балабақша жұмысымен танысты.