Саз мектебінің негізі 1934 жылы қаланған. 1955 жылы мектепке Д.Нұрпейісованың есімі беріліп, 1977 жылы өнер ордасы жаңа ғимаратқа көшірілген. Қазіргі таңда мектепте 1700 бала тәлім алады. Оларға 200-дей мұғалім домбыра, қобыз, фортепиано, хореография, театр өнері және т.б. бағыттар бойынша сабақ береді.
Мұражайдың ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Ерлан Галиев құттықтау сөз сөйледі.
«Күй — қазақтың болмысын бүкіл жан дүниесімен танытатын сай өнер. Мәдениетіміз бен тарихымызды еске салатын бірден бір шоқтығы биік өнер қашанда жоғалмайды. Осындай саз мектебінде мұражайдың ашылуы — күй өнерінде есімі қастерлі, аңыз адамға көрсетілген құрметтің бір белгісі. Игі бастамалар көбейе түссін, тарихымызға қатталар тағылымды дүниелер қатара арта берсін. Өнер ордасының ұжымына жемісті еңбек тілеймін. Талантты шәкірттеріңіз елімізде әлемге танымал етсін», — деді Ерлан Ерсайынұлы.
Мұражайдың лентасын 30 жылдай аталған мектепті басқарған ардагер Владимир Белоконь, белгілі күйші-домбырашы Ермек Қазиев пен қала әкімінің орынбасары Ерлан Галиев қиды. Мұнан соң шараға жиналғандар жаңа мұражаймен танысты.
Мұражайда мектеп тарихынан сыр шертетін фотосуреттер, музыкалық аспаптар, кітаптар бар. Жалпы, мұнда 250-ге тарта жәдігерлер қойылған.