Өткен демалыс күндері жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында шектеу шараларын бұзушылықтың 7 дерегі анықталды. «Амина»(жалға алушы Жасталап Салықов, той иесі Мұрат Әлиев), «Ата-Ана» (тойхана иесі Асылхан Купешов, той иесі Мереке Бекесов), «Қоржын» (мейрамхана иесі Шолпан Досқалиева), «Гранд Зодиак»(“Кенжеалиева” ЖК), «Арбат»(“Назгүл”ЖК, той иесі Алия Азаматова) және “Самал”(жалға алушы Темірханова А.Т, той иесі Самал Серікқалиева) мейрамханаларында салтанатты іс-шаралар оздырылып жатқаны белгілі болды. Анықталған бұзушылықтарға байланысты жеке кәсіпкерлік пен той иелеріне әкімшілік айыппұл салынды.
Бұзушылықтарға қатысты жинақталған материалдар Орал қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.
Еске сала кетейік, 28 маусымнан бастап Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді.