23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні. Мерекеге орай шаһар басшысы Абат Шыныбеков қала әкімдігінде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, ел сенімін ақтап, абыройын асқақтату жолында қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілерге қажымас қайрат тіледі.
Салтанатты шарада мемлекеттік қызметшілер күніне орай ҚР мемлекеттік қызмет істері агентігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың алғыс хатымен Орал қаласы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы төтенше жағдайлар және әскери есепке алу бөлімінің бас инспекторы Құралай Есетова мен Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Меңсұлу Үмбетқалиева марапатталды. Ал Орал қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржылық- шаруашылық жұмыстар бөлімінің бас маманы Нұрсұлу Үмбетқалиева, Орал қаласы қаржы бөлімінің басшысы Ербол Шүкірғалиев, Орал қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Ербол Көшеков, Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру- бақылау жұмыстары бөлімінің басшысы Бауыржан Мұхамбетжановтар Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ қала әкімі Абат Абайұлының алғыс хатымен бірқатар қызметкерлер марапатталды.
Айта кетейік, қазіргі таңда қаланың дамуына сүбелі үлес қосып, игі бастамаларды жүзеге асыруда аянбай етіп жүрген 200-ден астам мемлекеттік қызметші бар.