Облыстық жедел штабтың тапсырмасына сәйкес, мониторингтік топтар қалада коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу үшін рейдтік жұмыстарды күшейтті.

Облыстық жедел штабтың тапсырмасына сәйкес, мониторингтік топтар қалада коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу үшін  рейдтік жұмыстарды күшейтті.

Орал қаласы бойынша 8 мониторингтік топпен өткен демалыс күндері 36 нысан тексерілді. Олар кафе-мейрамханаларға тұтынушыларды «Ashyq» қосымшасы арқылы кіргізу, бетперде кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты талаптардың орындалуын қарап, түсінік жұмыстарын жүргізуде.

Рейдтік жұмыстар барысында шектеу шараларын бұзушылықтың 8 дерегі анықталды. «Динар», «Альбина+» тойханаларында үйлену тойы өтсе, «Алтын сақа», «Тенгри», «Марсель», «Жайық», «Жеті қазына», «Аделия» мейрамханаларында салтанатты іс-шаралар оздырылып жатқаны белгілі болды. Құзырлы органдармен карантин талаптарын бұзған тұлғаларды тиісті әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша материалдар жинақталуда.

Карантин талаптары кезең-кезеңімен жеңілдетілгенімен, бірқатар шектеулер әлі де сақталған. Соған қарамастан санитарлық талаптарды орындамайтындар әлі де бар. Топ мүшелері жыл басынан бері 190 бұзушылықты анықтады.