Қазіргі таңда 17А КСС мен 18А КСС-ден механикалық сору жұмыстарын 10 ассенизатор машиналарының көмегімен атқаруда. Сонымен қатар сорғыларды жедел жөндеу үшін шаралар қабылданып жатыр.
Аталған жұмыстар «Батыс су арнасы», «Жайық жылу қуат», «Жайық таза қала» сияқты коммуналдық мекемелермен және жекеменшік техникалардың күшімен жүргізілуде. Барлығы 3 бригада, 20-дан астам техника тартылған.
Су тоқтатылған шағын аудандарда бірнеше мекенжай бойынша су жеткізу орындары ұйымдастырылды.