Орал қаласы әкімдігінің ғимаратында коронавирусқа қарсы вакцинациялау кабинеті ашылды. Бүгіннен бастап №3 емхана мамандары қала бойынша барлық ниет білдірген мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне вакцина салады. Қызметкерлер вакцинаның қай түрін қабылдайтынын өздері таңдауда.
Айта кету керек, вакцина жаппай мемлекеттік науқан аясында ерікті түрде және тегін салынады. Бүгінгі таңда қалада вакцинаның бірінші компонентін 78 мыңның үстінде адам қабылдаса, екі компонентін де толықтай 37 мыңға жуық адам алған.
Екпе салдыру үйреншікті өмірімізге оралып, қауіпсіз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.